270 ақтөбелік отбасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен пәтер кілттерін алды
17 Мая 2016
1686
Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі,
Ақтөбеоблысы,
пәтер
Алматы. 17 мамыр. Ақпараттар орталығы. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 270 ақтөбелік отбасыға, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына жаңа пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.
Жаңа пәтерлер «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивінде тұрғызылған. Салтанатты шараға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқармасының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов қатысты.

Жаңа үйге қоныстанушыларды Б.Сапарбаев құттықтап, өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында «Тұрғындардың барлық санатына арналған баспана» бағыты бойынша Ақтөбе облысында 14 тұрғын үй пайдалануға берілген, өңірдің 2 832 тұрғыны өз пәтерлеріне қоныстанды. «Жас отбасыларға арналған баспана» бағыты бойынша 432 пәтері бар 2 үй тұрғызылды.
Хабарда айтылғандай, аталмыш мембағдарлама аясында тұрғызылған тұрғын үй бағасы нарықтағыдан төмен екен. Мәселен, бүгін берілген көп қабатты үйдегі пәтерлердің 1 шаршы метрінің құны 100 мың теңгені құрайды.
«Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекеттің әлеуметтік бағдарламасы халықты жан-жақты әлеуметтік қорғау мен оларды баспанамен қамтуға бағытталған. 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы, сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту азаматтардың тұрақты баспанемен қамтылу туралы конституциялық құқығын жүзеге асыру құралы болып табылады. Ағымдағы жылы Ақтөбе облысында 580 мың шаршы метр пәтер пайдалануға беріледі. Жаңа пәтермен барлығы 5 мыңдай отбасы қамтылатын болады», - деді Б. Сапарбаев.
Барлығы соңғы 5 жылда қаржыландырудың барлық көздері есебінен Ақтөбе облысында 2,3 млн астам шаршы метр пәтер пайдалануға берілді. Әкімнің айтуынша, бұл 19 мыңнан астам отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Хабарда айтылғандай, облыс әкімінің бастамасымен өңірде тұрғын үй кластерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл қадамдар болашақта тұрғын үй құрылысын қарқынды етуге және тұрғын үй шаршы метрінің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Оставлять комментарии могут только авторизованные пользователи. Авторизируйтесь или зарегистрируйтесь чтобы оставить комментарии.
ru Полиция Астаны адресно посетила более 1000 семей в рамках ОПМ
ru Звонок через мессенджер обернулся хищением 1,8 млн тенге в области
ru ИИ начнут применять при экспертизе строительных проектов в Казахстане
ru 1,2 млн тонн мяса всех видов произведено в Казахстане в
ru 110 коррупционных преступлений зарегистрировано с начала года в Казахстане
ru Рекордный объём инвестиций: Астана привлекла свыше 2,5 трлн тенге
ru Новые возможности продемонстрировал телеканал Qonaev Media
ru На линии «Астана – Семей» введён в эксплуатацию новый пассажирский
ru МВД сделало заявление по курсам подготовки водителей транспортных средств
ru В столице осужден «лжецелитель» из TikTok
ru Организаторы незаконного игорного бизнеса объявлены в розыск
ru Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил журналистов Казахстана с Национальным днем печати
ru Токаев посетит Пакистан 3-4 февраля
ru В Алматы открыт обновленный колледж телекоммуникаций и машиностроения
ru В Казахстане обновят 9 энергоблоков, 55 котлов и 51 турбину
ru МВД пресекло незаконный оборот закиси азота
ru Бюро нацстатистики переходит на новый подход к расчету инфляции
ru По итогам прошлого года объём фармацевтического рынка составил 2,5 млрд
ru Глава государства направил поздравительную телеграмму Королю Испании
ru В 2025 году на ЭБТ предложение превысило спрос более чем
ru Ведущие компании Казахстана и ОАЭ подписали порядка 20 коммерческих документов
ru Более 1580 аграриев уже получили доступ к раннему финансированию посевной
ru Полиция ликвидировала крупную партию наркотиков в Павлодаре
ru В области Жетicу заместителя районного акима приговорили к лишению свободы
ru Сменился пресс-секретарь президента
ru Более 16,8 тыс. этнических казахов получили статус кандаса в 2025
ru Казахстан и ExxonMobil укрепляют стратегическое партнерство в энергетическом секторе
ru В Алматинском зоопарке стало больше животных и посетителей
ru В стране проводится ОПМ “Безопасный двор”
ru Честь Казахстана на зимних Олимпийских играх будут защищать 36 спортсменов

+77772555856
Написать нам




